Сенбі, 20 сәуiр, 05:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Парламент Сенатына аймақтан 3 кандидат тіркелді

06.01.2023

492 0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 3 кандидат тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

Үміткерлердің арасында мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері – мәслихат депутаты, саяси және мемлекеттік қызметші бар. Олардың орташа жасы шамамен – 54.

– Өңірден «Қазсушаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекеменің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жорабек Нұрымбетов пен облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов және Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов тіркелді. ҚР Парламенті Сенаты депуттарының сайлауы 14 қаңтар күні өтеді. Сондай-ақ Сенатқа кімнің баратынын, облыстағы 147 мәслихат депутаты дауыс беру арқылы таңдауларын жасайды. Бүгінде облыстық сайлау комиссиясына өтініштер мен шағымдар келіп түскен жоқ,- деді Ғалым Қонақбайұлы.

Айта кетейік,сайлау алдындағы үгіт жұмыстары 13 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Сәйкесінше, 13 қаңтар тыныштық күні.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: