Сәрсенбі, 30 қараша, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (1899)
29.11.2022
PDF мұрағаты

Президент: Ауыр қасіреттің себептерін саралап, салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған маңызды міндет

11.01.2022

508 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру керегін айтты.

«Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет», – деп атап өтті Президент Мәжіліс отырысында.

Президент бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін айтты.

«Мұның, әрине, бірнеше себебі бар. Кей азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады. Бірақ, бізге керегі тек ақиқат қана. Сол себепті, оқиғаларды мұқият зерттей отырып айтарым – жыл басынан бері болған барлық жағдайлар бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық», – деді Қ. Тоқаев.


inform.kz

Тағы да оқыңыз: