Сәрсенбі, 24 сәуiр, 15:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Қайғылы қаңтар» кезінде дүкені тоналған кәсіпкерді Шахановша жігерлендіру

26.02.2022

866 0

Сен жыладың, кәсіпкер,

Көп көрдім деп қаңтарда қиянатты.

Дүкеніңді содырлар қиратқаны

Көңіліңе күмәнді ой ұялатты.

Террористің талқандап таптағаны,

Елдің де арқасына иә, батты.

Халқың бар қолтығыңнан демейтұғын,

Бәрін жөнге келтірер тиянақты.

Сен жыладың,

Жігерің жасып ағып,

Жігерлі ең ғой, сен оған жасыма түк.

Қырмызы күнім өтті деп.

Осымен бәрі бітті деп.

Сен жыладың,

Аңғармай қалай қалдым деп,

Аяқтан өмір шалдың деп.

Бір қатты соққы алдым деп,

Бақытсыз болып қалдым деп.

Сен жыладың,

Демеймін селт етпедім.

Кім досым, қалайды дейсің

Кәсіптің кері кеткенін.

Шашыңа ақ түсіріп, шекеңді терлеткенің.

Аян ғой дүйім жұртқа, аянбай тер төккенің.

Жә, жә, жарар,

Өткен күн оралар ма,

Қарау керек, кәсіпкер, саған алға.

Жоспарды жаңаша құр, шығынды саналама,

Әбігерге салды елді

Әңгүдік ана бала.

Көтер, кәне, басыңды, қалай мұның,

Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?

Жасырмай сырыңды ақтар елге

Ойыңды ашық айтар орайлы күн.

Қыран құстай кең серпі қанатыңды,

Алдыңнан туады әлі арайлы күн.

Кім айтты саған,

Тұлпарды сүрінбейді деп,

Асауды мінілмейді деп,

Темірдің тоты шығып,

Ағашты мүжілмейді деп?

Өрілген түйе жүннен арқанды үзілмейді деп,

Кім айтты саған,

Өмірді сынақсыз деп,

Бақытты тұрақсыз деп

Бір жалқау жатып үйде,

Бақытын жылапты іздеп.

Сен ондай жан емессің,

Ойламаймын қуатсыз деп.

Қиналып бекер алаңдадың-ау,

Ойыңды шығар өріске.

Шешімін ойдың таба алмадың-ау,

Сәтсіздіктерге беріспе.

Қолдап қорғайтын мемлекетің бар,

Жетесің әлі жеңіске.

Адамға арман жеткізіп пе еді?

Өз сорын өзі жеңбесе.

Тілеуқор болып халқың отыр,

Қайратыңа мін ендеше!

ЖЕМҚОРЛАРҒА ЖАЙ КЕҢЕС

Арам ас асаған бар,

Мансапқа мас адам бар.

Қанағатқа қас адам бар,

Қиянат жасаған бар…

Ап-ап деп асағандар,

Аса көп асамаңдар.

Халыққа тым қиянат,

Жарай ма, жасамаңдар.

Хватит!

ЕСІК ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІК

Ертеде болушы еді не бір есік,

Ешқашан жабылмайтын өмірі есік…

Бүгінде қарақшы мен қорқаулардан,

Қорғанып, құрып алдық темір есік.

Әйтпесе…

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

БАҚ қонса «бауырмашыл» болар достар,

ТАҚ болса табылатын түрлі «дос» бар.

Бақ пен тақ бар кезінде «бәйек» болып,

Жалған дос жасап жүрер жаймен жоспар.

Қазіргі «сыйластықтың» астарында,

Бақ пен тақ, дастарханда ас барында.

«Қарғадан қағып алған ірімшікті»,

Жүрмесін қу түлкілер қастарыңда.

Бүгінде сезгендеймін «жылуды» өзге,

«Құрылысы» қатынастың құрылды өзге.

Көз көрсе жүз ұялар жылмаңдаған,

Шіркін-ай, үйір болдық сұлу сөзге.

Байқасын, мұның бәрі жалған бірлік,

«Бес күн» мынау өмірде жалған тірлік.

Түлкі тектес секілді тіршілігі, –

Талайлардың артында қалған тірлік.

Иә, солай!

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: