Сенбі, 27 сәуiр, 21:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қамаудағы Төреғали Төреәлінің мерзімі тағы үш күнге ұзартылды

22.06.2023

670 0

Төреғали Төреәлінің қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды. Бұл туралы алматылық сот Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Алматылық сот қазақстандық әнші Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 613 бабы, 1-бөлігі «полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бойынша қосымша жауапкершілікке тартылған. «Іс материалдарын зерделеп, сот 14 маусымда Әлихановтың (Төреғали Төреәлидің тегі – авт) есірткіге мас күйінде автокөлікті жүргізгенін анықтады. Ол патруль полициясының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамады», – делінген сот отырысында. Төреғали Төреәлі кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлердің бұйрығына бағынбай, оқиға орнынан кетпек болғаны туралы жазған едік. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама жүргізген, нәтижесінде оның есірткіге мас екені анықталды. Сол күні есірткіге масайған көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған болатын. Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді жартылай растағаны туралы хабарланған. «А. сот қаулысымен, ӘҚБтК-нің жоғарыда көрсетілген бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», – делінген хабарламада. Осылайша Төреғали Төреәлі қамауда 23 күн өткізуі керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: