Сейсенбі, 19 наурыз, 09:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт шеруге шыққан азаматтарға арнайы мәртебе берілмек

04.10.2022

930 0

Қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт шеруге шыққан азаматтарға арнайы мәртебе беру қарастырылуда. Бұл бастаманы “Аманат” комиссиясының өкілдері ұсынды, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы.

Қазақстандағы ауқымды оқиға құқықтық бағасын алып, сол кезде қамалған, қаза тапқан және денсаулығына зақым келген азаматтарға арнайы мәртебе беріледі. Оқиға барысында зардап шегіп, жақынынан айырылған отбасыларға өтемақы беру мәселесі ойластырылып жатыр. Ол үшін әр адамның ісі жіті тексеріліп, анықталуы тиіс. 

Комиссия мүшелерінің айтуынша, қаңтар оқиғасы «желтоқсан көтерілісі» сияқты саяси бағасын алуға лайық. Сол себепті азаматтарға қылмыстық іс не үшін қозғалды, қандай жаза өтеді, кімдер қаза тапты, бәрі ашық айтылуы қажет.

«Аманат» комиссиясы бүгінде 500-ден астам азаматтың босап шығуына себепкер. Комиссия мүшелері рақымшылықпен бостандыққа шығатын азаматтар қудаланбауы керек дейді. Аманаттықтардың мәлімдеуінше, алдағы уақытта қаңтар оқиғасына қатысы бар 1500 кісі рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Олар әуелі кінәсін мойындап, талапқа көнуі тиіс. Кінәсін мойындамаса және хаттамамен келіспесе, өзінің кінәсіз екенін сот арқылы дәлелдей алады.

“Денсаулығына зақым келген, қиын жағдайға түскен қаншама адам бар, сонымен қатар кейбіреулер асыраушысынан айырылды. Олардың көбісі материалдық қиындықтарға тап болды. Олардың мәселесін кім шешеді? Елімізде олардың мәселесін қарастырып жатқан арнайы орган жоқ. Сол себепті оларға мән беру керек” – деді «Аманат» комиссиясының мүшесі Уайс Ерсайынұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: