Сәрсенбі, 24 сәуiр, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда бұралқы иттер оқушыны талап тастады

15.11.2022

929 0

Қарағандыда қаңғыбас иттер күні кеше көшеде өтіп бара жатқан жасөспірімді қоршап, талап тастаған. Қазір беті қатты жараланған 16 жастағы оқушы сөйлей алмайды, тамақты түтікпен ішеді. Жағдайды естіген тұрғындар иесіз иттердің барлығын атуды талап етті. Ветеринарлардың сөзінше, заң бойынша бұралқы иттердің көзін жоюға болмайды, ал аулап қамауға арнайы орындар қарастырылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Светлана Брозе иттердің жасөспірімге дүкенге бара жатқан кезде тап бергенін айтады. 

“Дүкенге кеткен бауырым үйге бет-аузы қан болып оралды. Қаңғыбас иттер аузын талап, жырып жіберген. Дәрігерлер ернін тігіп, қазір үйде жатыр. Тамақты түтікпен ішеді. Сөйлей алмайды. Қаңғыбас иттерді  атуды талап етемін”, – деді А.Брозенің туысы Светлана Брозе. 

Ал жануарларды қорғаушылар қаңғыбас, агресивті иттерді өлтіруге қарсы. Айтуларынша, жануарларға тыныштандыратын арнайы вакцина салып, байқау қажет. 

“Қаңғыбас иттерді ұстап стерилизация жасап, вакцина егіп еркіндікке жіберу керек. Сонда  3-4 жылдың ішінде адамға шабуыл жасайтын төбеттер азаяды”, – дейді зооқорғаушы Наталья Уголькова. 

Ал ветеринария қызметінің өкілдері жаңа заң шыққалы бері шарасыз отырғандарын айтады. Заңға сәйкес қаңғыбас иттерді бей-берекет атуға болмайды. Ал егер тұрғындар тарапынан шағым түссе, жануарларды атуға дайын екен. 

“Мемлекеттік кәсіпорындар болмағандықтан қазір қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары жүргізіліп тұрған жоқ. Сонымен қатар, бұл заңда жеке приюттар дейміз, жеке приюттардың өзі қазір осы ауланатын жануарларды қабылдайтындай мүмкіндіктер жоқ”, – деді Қарағанды облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ерлік Мақашева. 

2022 жылы Қарағанды облысына қаңғыбас иттерді аулауға 70 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның 28 миллион теңгесі тұрғындардың шағымы бойынша 6 мыңнан астам итті атуға жұмсалған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: