Сенбі, 21 желтоқсан, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр

26.01.2021

7267 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр. Өңірдің негізгі табысы мұнайдан түсетіні белгілі. Бүгін де оның қоры таусылып, өндіру көлемі азайып барады. Соған қарамастан алға жылжуымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президенттің айтуынша, Қызылорда өңірін қолдау үшін жұмыс екі бағытта жүргізілуі керек. «Біріншіден, жаңа мұнай-газ кеніштерін барлап, қазіргі кен орындарына зерттеу жүргізу керек. Екіншіден, өңірдің экономикасын әртараптандырған абзал. Сонымен қатар шағын және орта бизнес пен қызмет көрсету саласын дамыту өте маңызды. Бұл міндеттерді орындауға өңірдің өз шамасы жетпейді. Бюджеті жеткіліксіз. Сондықтан Үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: