Жұма, 19 сәуiр, 22:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды

28.01.2022

1227 0

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін үш әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған төлемдер 347,7 мың қазақстандыққа қатысты.

“Осылайша, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы қаулысына сәйкес сатып алу қабілетін сақтау мақсатында 1 қаңтардан бастап еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылған жағдайда (75 130 алушы) және асыраушысынан айырылған жағдайда (52 096 алушы) МӘСҚ-дан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға ұлғайтылды”, – деп хабарлады Еңбек министрлігінде.

Министрлікте атап өткендей, бұл төлемдер ұзақ мерзімді болады, себебі олар бірнеше жыл бойы төленуі мүмкін. Еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылған жағдайда – адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірмейінше не зейнеткерлік жасқа жеткенше; асыраушысынан айырылған жағдайда – балаларға кәмелеттік жасқа толғанға дейін және күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Бұл төлемдерді алатын қазақстандықтар бюджет қаражаты есебінен де мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды да алады.

Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері арттырылды. Бұл  220 462 қазақстандыққа қатысты болды.

Төлем мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40%-ын құрайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, «балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес туған баланың кезектілігіне қарай белгіленген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: