Сенбі, 07 желтоқсан, 23:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшақ билеті бәріне бірдей берілмейді: Талаптары белгілі болды

06.02.2022

1151 0

Биыл тек 20 000 бала тегін демалыс рейсін пайдалана алады. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілген жаңа ережелер жұртшылықты бір қуантты. Бірақ, белгілі болғандай, қуануға әлі ерте. «Kids go free» жобасының белгілі бір шарттары бар. Бұл туралы “Евразия бірінші” арнасы хабарлайды.

«Kids go free» жобасы 2019 жылы қолға алынғаны белгілі. Балалар ұшақпен тегін ұшады деп қуанатты. Алайда жұрт ойлағандай барлық балаға тегін ұшақта ұшу билеті берілмейді. Тек 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға туристік агенттік арқылы туристік пакет сатып алған жағдайда тегін болмақ. Туристік пакетке жатар орны, тамақтану, экскурсиясы кіру керек. Ал туристік агенттікке соманы мемлекет өтейді. 

“Бұл жоба ең бірінші кезекте туризмді дамыту мақсатынды қолға алынды. Сондықтан тек туристік пакет алған жағдайда ғана балалар тегін ұша алады. Басқа жағдайда мүмкіндік жоқ”, – деді “KAZAKH TOURISM” ҰК басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Жоба жайлы естіген жұрт туристік агенттіктерге хабарласып, кезек алғысы келеді. Алайда оның қандай шарттары бар екенінен бейхабар.

Бұл жобаға барлық туристік агенттіктер де қатыса алмайды. Тек сыртқы және ішкі туризмге лицензиясы барла ғана қатысады.

Биыл «Kids go free» жобасыа 358 000 миллион теңге бөлінді. Есеп бойынша бұл тек 20 мың қазақстандық балалардың шығынын өтей алады. Ал біздің елде балалар саны 2 миллионға жуық. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: