Сейсенбі, 21 мамыр, 10:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда балық өнімдерінің бағасы 15 пайызға өсті

17.10.2022

518 0

Қазақстанда бір жылда балық 15 пайызға қымбаттады, Бұл туралы Energyprom.kz сайтында хабарлады.

Қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстанда 30,8 мың тонна балғын және мұздатылған балық өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15,5 пайызға артық. Мысалы, Қызылорда облысында балық кластері белсенді дамып келеді. Мұнда 15 мың тонна балық өнімдерін өндіретін 10 зауыт бағалы балық түрлерін көбейтуге маманданған.

Соңғы сегіз айда республикада небәрі 6,6 мың тонна дайын немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілген. Бұл сегментте Түркістан облысы көш бастап тұр – 2,4 мың тонна. Биыл қаңтар-шілде қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаларға сұранысты 53,1 пайызға қамтамасыз етті. Елімізге 28,7 мың тонна өнім әкелінді. Осы кезеңдегі өнім 32,5 мың тонна болған.

Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, балғын балық бір жылда 15 пайызға, мұздатылған балық – 15,1 пайызға, қабығы аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4 пайызға қымбаттаған. Ең алдымен жаңа ауланған балық бағасы Павлодар (44,7 пайызға), Қостанай (24,7 пайызға) және Маңғыстау (24 пайызға) облыстарында өсті. Мұздатылған балық бағасы Маңғыстау (43,4 пайызға), Жетісу (35,2 пайызға) және Атырау (29,6 пайызға) облыстарында айтарлықтай өскен.

Балық өнімдері ішінде тұздалған майшабақ бір жылда 34,2 пайызға, балық консервілері – 29,6 пайызға, майдағы шпрот – 24,9 пайызға, салқын ысталған скумбрия – 23,8 пайызға, тұздалған деликатес балық – 22,2 пайызға, қызыл уылдырық – 21,2 пайызға қымбаттаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: