Сенбі, 27 сәуiр, 04:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда көп балалы аналарға берілетін марапатқа жаңашылдық енгізіліп, жәрдемақы көбейеді

08.02.2023

1118 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыға әсер ететін жаңашылдықты атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр Әлеуметтік кодекстің тұсаукесерінде кодекске “Аналарды марапаттау» енгізілетінін атап өтті. Сөзінше, бұл мәртебе көп балалы аналардың еңбегін тану және құрмет көрсету мақсатында өмір бойғы атақ ретінде жүргізілмек. Бұл «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.

«Наградталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері де сараланады. Бүгінгі таңда алты, жеті және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. Сәйкесінше жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегендерге 7,4 АЕК-ке дейін өсетін болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістің 90 мыңға жуық марапатталған анаға қатысы болмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: