Сенбі, 20 сәуiр, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтарға өз еркімен кредиттен бас тарту құқығы берілуі мүмкін

07.06.2021

1048 0

Бастамашылардың пікірінше, мұндай шара отандастарды алаяқтардың заңсыз әрекетінен қорғайды. Қазақстанда кредит рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту жүйесі енгізілуі мүмкін.

«Агенттік азаматтардың қарыз алуға «ерікті түрде тыйым салу» құқығын іске асыру мүмкіндігін қолдайды. Келісілген позицияны әзірлеу үшін агенттік Ұлттық банкпен, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ-мен және кредиттік ұйымдармен бірлесіп кеңес өткізді, жиын барысында қатысушылар ұсынылған бастаманы қолдады», – делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Айгүл Құспанның депутаттық сауалына берген жауабында.

Бұл тетікті енгізу үшін азаматқа жазбаша тыйымды басқаруға мүмкіндік беретін процесті толығымен реттеу қажет.

Сондай-ақ «ерікті түрде тыйым салуды» тіркеу «бір терезе» арқылы ма, жоқ әлде кредиттік ұйымдар арқылы орталықтандырылып жүзеге асырыла ма, соны пысықтау керек.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: