Бейсенбі, 02 мамыр, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Құрылыс алаңында екі жұмысшы 15-ші қабаттан құлаған

11.08.2023

423 0

Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы жоғарыдан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 10 тамызда «Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды», – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің ақпаратынша, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында қайтыс болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді ведомстводан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: