Сенбі, 27 сәуiр, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облыстық соты БАҚ өкілдерін құттықтады

26.06.2023

1249 0

Қызылорда облыстық сотында 28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Шараға Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Бекжанов, ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы М.Еркінбеков, баспасөз өкілдері, бірқатар судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шараны ашқан Ж.Бекжанов журналистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның институты ретінде билік пен халықты байланыстырушы және еліміздің жетістіктері мен жағымды жаңалықтарының жаршысына айнала білгенін атап өтті.
Сонымен қатар мереке қарсаңында сот жүйесі қызметінің жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілдеріне, соттың оң имиджін қалыптастыру барысында құқықтық насихат жұмысын жүргізуде белсенділік танытқан судьялар мен сот қызметкерлеріне облыстық сот төрағасының алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекелік шарада М.Еркінбеков журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, халықпен жағымды жаңалықтар бөлісіп, сот жұмысынан насихаттауда атқарып жүрген еңбектеріне табыс тілесе, сала мамандарының атынан «Кәсіпкер және мәдениет» журналының бас редакторы Ж.Таңрықбай мен «Qyzylorda» телеарнасының шефредакторы М.Құлмырзаева мереке қарсаңында құрмет көрсеткен облыстық сот басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: