Сейсенбі, 26 мамыр, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау күшейтілді

26.05.2026

38 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақта бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылау күшейтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, облыс бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті есепті кезеңде бірқатар аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарды анықтаған. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі бюджетке қайтарылып немесе атқарылмаған жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтірілген.

-Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар жолданып, жауапты тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кейбір аудит материалдары бюджет қаражатын ұрлау және артық аудару фактілеріне байланысты құқық қорғау органдарына жолданған.Бұдан бөлек, департамент тарапынан «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы еңбек ақы төлемдерінің заңдылығына бақылау жүргізіліп келеді. Мониторинг барысында тәуекелді төлемдер анықталып, негізсіз жұмсалған қаражаттың бір бөлігі бюджетке қайтарылды ,- деді Ербол Қабаштайұлы.

Спикер мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қаржы-шаруашылық қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтауға, бюджет қаражатының әр теңгесіне жауапкершілікпен қарауға және жауапты мамандардың біліктілігін тұрақты арттырып отыруға шақырды. Сонымен қатар, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылау алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: