Бейсенбі, 07 қараша, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада карантин күшейтілді

13.04.2021

2581 0

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 8 сәуірден бастап “сары” аймақта болуына байланысты бірқатар карантин талаптары күшейтілді. Аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №8 Қаулысына сәйкес ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;

ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

банкет залдарының жұмысына;

букмекерлік кеңселердің қызметіне;

бильярд, боулинг (“Ashyq” пилотына қатысатын кәсіпкерлік субьектілерге рұқсат) компьютерлік клубтардың (“Ashyq” пилотына қатысатын субьектілерге рұқсат), түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;

балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;

мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;

көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге қатаң ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: