Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Рактың даму қаупін 60 пайызға төмендететін тәсіл аталды

25.04.2022

956 0

Швейцарияда Цюрих ауруханасы Университетінің ғалымдары онкологиялық аурулардың даму қаупін 60 пайызға қысқартатын тәсілді атады. Зерттеу нәтижесі Frontiers in Aging басылымында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропаның бес елінде (Швейцария, Франция, Германия, Австрия және Португалия) үш жыл бойы ғалымдар 2 мыңнан аса адамды зерттеуге алды. Оларға D, омега-3 дәрумендері жоғары дозада берілді. Сондай-ақ, қатысушылар үй жаттығуларын тұрақты түрде жасады. 

Ақырында адам дәрумендерді қабылдай отырып, спортпен айналысқан жағдайда, оның ракпен ауыру қаупі 61 пайызға төмендейтіні анықталды.

Сәуір айында Солтүстік Каролина Университетінің (АҚШ) ғалымдары да физикалық жаттығулардың рактың дамуына әсерін дәлелдеді. Зерттеу нәтижесі бойынша, спортпен шұғылдану кахексияның пайда болу қаупін 60 пайызға төмендететіні дәлелденді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: