Бейсенбі, 28 наурыз, 19:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сәби құтқарған Сәбит

12.05.2022

1077 0

Бауыржан Момышұлының «Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген сөзі бар. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған Сәбит Шонтақбаевтың ерлігін де осылай айтуға болады.

Сәбит Шонтақбаев кеше Нұр-Сұлтан қаласында 8-ші қабаттың сыртқы терезесіне ешбір құралсыз шығып, жоғары қабатта салбырап тұрған үш жасар қызды құтқарып қалған.  Ол Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тумасы. Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс істеуге келген. Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған жігітті бүгінгі күннің батыры деп айтуға болады. Ол оқиғаның мән-жайын тілшілерге берген сұхбатында айтып берген.

– Мен Қызылордадан жұмыс істеуге келгенмін. Құрылысшы болып, әртүрлі жұмыс істеймін. Балаларымды бағуым керек, олар Қызылордада тұрады. Үй жалдап, осында жұмыс істеймін. Мен терезеден ұстап, асылып тұрған баланы көрдім. Жалғыз ой оны құтқару болды. Сол сәтте өзімді ойлай да алмадым. Әйелім видеоны көріпті, «жарайсың» деді. Қыздың ата-анасын көрмедім. Жұмысқа асығып бара жатқанмын, оны құтқарып, жетінші қабаттағы көршісіне тапсырдым. Сосын жұмысқа кеттім, – дейді ол. 

Сәбит Шонтақбаев ептілігі мен дене бітімі әскери карьерасына байланысты екенін түсіндірді. Бұған дейін шекарашы болып жұмыс істеген екен.

Сәбиттің көзсіз ерлігі туралы әлеу­меттік желілер мен БАҚ жарыса жазды. Тіпті блогер Дәулет Төлеутайұлы Қызыл­ордадан үй алып бермек.

 – Сәбит Қызылордада 14 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрады. Өз үйлері жоқ. Бұйырса біз үй алып береміз, – деп жазған блогер. Сонымен қатар блогер Дәулет Төлеутайұыл мен Батырхан Ибрагимов өз оқырмандарымен Сәбиттің 450 мың теңге қарызын жауып беруге ақша жинап жатыр екен.

Сын сағатта батыл шешім қабылдап, тәуекелге бел буған, өзгенің өмірі үшін өз басын қатерген тіккен Сәбит Шонтақбаев бұл ісін адамдық борышым деп біледі. Қалай десек те батылдық танытқан қай­сар жігіттің бұл ісі нағыз ерлікке пара пар.

Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағ­дай­­дағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ Сәбит Шонтақбаевақа G-park құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сатмағамбетов «Rio de Janeiro» тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: