Сенбі, 20 сәуiр, 09:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

«Сәкеннің өнегелі жолы» атты адалдық сағаты өтті

20.12.2020

1907 0

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылыған арналған дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті.

Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерінің бірі. Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім алуына ерекше ықылас танытуы. Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындап, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген идея көтерді.

Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады. «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы – мойынына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді», – деген сөздері қоғам қайраткерінің биік өресін танытады.

Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін ашып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлап өткен.

Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше.

Адалдық, кішіпейілділік,  шыншылдық сынды құндылықтарды таза сақтап қалған тұлғасымен және көркем туындылары арқылы ол кейінгілерге – ұстаз.

Ел жастарына бұл туралы онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.

Бейне-дәріске сілтеме:

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: