Сенбі, 20 сәуiр, 15:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Сән-салтанатқа салынатын салық қандай мүліктерді қамтиды: Маман түсіндірді

07.09.2022

1391 0

Салық және кеден саясаты департаментінің бас маманы Елнар Қазбеков сән-салтанатқа енгізілетін салыққа қандай мүліктердің кіретінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Санаулы адамдар тобына тиесілі яхталарға, жеке ұшақтарға салықты арттыру ұсынылып отыр», – дейді Елнар Қазбеков. 
Спикердің айтуынша, орта тап өкілдеріне салынатын салық артпайды. 

«Халықаралық тәжірибеде жоғары салық салу қолданылып келеді. Мысал келтірсем: құны 100 мың доллардан жоғары тұратын автокөліктерге үлкен көлемде салық салуға болады», – деп түсіндірді салық саясаты департаментінің бас маманы. 

Одан бөлек, екі немесе одан да көп элиталы мүліктерге ие адамдарға салықты көбейту қарастырылуы мүмкін. 

Сән-салтанатқа енгізілетін салық мәселесі мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, бизнес өкілдерімен талқыланатын болады. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сән-салтанатқа салық енгізуді ұсынған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: