Сенбі, 20 сәуiр, 04:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Сары майға сұраныс артып, өндіріс азайған

22.08.2022

1340 0

Биыл Қазақстанда сары май өндірісінің көлемі былтырғыдан 12,6% азайып, бағасы 15% қымбаттаған деп хабарлайды Energyprom.kz сайты.

«Өңірлер арасында сары май бағасы Маңғыстау облысында қатты қымбаттаған – жыл басынан бері 29% өсім бар. Жалпы республика бойынша қаңтар-шілдеаралығында 13,9 мың тонна сары май өндірілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12,6% кем. Қаңтар-мамыр аралығында отандық өндірушілер сары майға деген сұранысты 71% қамтамасыз ете алған. Былтыр бұл көрсеткіш 83,6% болған еді. Соның әсерінен импорт бірден 83,5% артқан», – деп жазылған сараптамада.

Шілденің қортыныдысы бойынша тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2%,бір жылда 17% өскен. Алжыл басынан бергі өсім 14,7% болып отыр.

«Тұздалмаған сары майдың республикадағы орташа бағасы келісіне 3,3 мың теңге көлемінде. Ірі қалалар арасында Павлодарда біркелі май бағасы 2,7 мың теңге болса, Атырауда 4,3 мың теңгеге жеткен.

Жыл басынан бері бағаның қатты қымбаттауы Маңыстау облысында тіркелді, баға бірден 29% өскен. Одан кейін Шымкент қаласы (26,7%) мен Жамбыл облысы (26,4%) тұр. Ал Нұр-Сұлтан (3%) қаласы мен Алматы (5,6%) және Павлодар (7,2%) облыстарында баға барынша баяу өсіп жатыр», – деп жазады Energyprom.kz.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: