Сейсенбі, 30 сәуiр, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Семейде жүкті әйел тоқтап қалған лифтте босанған

15.09.2023

551 0

Семей қаласында жүкті әйел тоқтап қалған лифт ішінде босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 3 қыркүйек күні облыстық перинаталдық орталықтың №1 ғимаратында болған. Бірақ ақпарат әлеуметтік желіде тек бүгін жарияланды. ҚазАқпарат тілшісі аталмыш орталықтың бас дәрігеріне хабарласып көрді.

«Жүкті әйелдерді акушердің сүйемелдеуімен жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінен перзентханаға ауыстыру кезінде осындай жағдай болды. 2-ден 4-ші қабатқа көтеріліп келе жатқан лифт кенет тоқтап қалған. Шұғыл түрде қызмет көрсететін ұйымнан лифтші шақырылды, ол келіп, бірден лифтті жөндеуге кірісті», – дейді Архат Құдайбердіұлы.

Лифт ішінде толғағы келген жүкті әйел және перинаталдық орталықтың тәжірибелі акушеркасы болған. Акушеркаға әйелді лифтте босандырып алуға тура келді. Салмағы 3460 грамм ұл бала асқынусыз дүниеге келген.

Әйел адам екінші күні нәрестесімен қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Оның перинаталдық орталыққа ешқандай шағымы жоқ.

Лифттің аяқ асты тоқтап қалуы алғаш рет емес. Биыл орталыққа Парламент Мәжілісінің депутаты келген кезде де лифт істемей қалыпты.

«№1 ғимараттың лифті 1988 жылы пайдалануға беріліп, жыл сайын тексеріліп тұрады. Осындағы 2 лифтті ауыстыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жобаға қаржы бекітіліп, биылғы жылдың 20 қазанында тиісті жұмыстар басталуы тиіс», – дейді бас дәрігер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: