Бейсенбі, 18 сәуiр, 09:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылмақ

01.08.2022

874 0

– Шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізу туралы құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлікке, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша жүргізілетін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатсын», – деп жазылған ұсынылған жаңа редакцияда.

Құжат жобасын жария түрде талқылау 11 тамызға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы желтоқсан айында Президент 2023 жылға дейін шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: