Сәрсенбі, 15 қаңтар, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

«Шайпұл тастағандарды қамайық онда»: Депутат пара бергендерді жазалау туралы жаңа заң жобасына шағымданды

15.01.2025

76 0

Фото: Parlam.kz

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев сыбайлас жемқорлықпен күресте жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезіндегі шектен шығу қаупіне алаңдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат елімізде күнделікті тіршілікте пара беру жағдайы жиі кездесетінін айтты.

«Азаматтар күнделікті сыбайлас жемқорлықпен жиі кездесетіні жасырын емес. Елімізде кез келген мәселені ақшамен шешуге болады десе болады. Жоғары оқу орындарында мұғалімдер жақсы баға үшін пара сұрайды. Емханаларда сапалы ем үшін. Тіпті банк секторында несие алу үшін парасыз болмайды. Заң жобасы мемлекеттік қызметкер емес кез келген адамға заңсыз сыйақы бергені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынады. Заңсыз сый алғанның да, бергеннің де жауапты болуы. Тіпті кафеде шайпұл беруді қылмыс ретінде көрсетсек болады. Шайпұл тастады деп қамайық онда. Айтыңызшы, осылай шектен шықпаймыз ба? Қай жағдайда сыйақы төлеу заңды, қай жағдайда заңсыз болатынын нақтылап беріңізші?» – деді депутат.

Бас прокуратураның нормативтік қызметті үйлестіру департаментінің басшысы Альбина Мауытова заң жобасының нормалары мемлекеттік саладағы парақорлыққа ұқсас заңсыз сыйақы бергені үшін жауапкершілікті енгізетінін растады.

«Қазір бізде заңсыз сыйақы алу үшін қылмыстық кодексте жауапкершілік бар. Сіз атап өткен нәрселерге келетін болсақ, бұл мәселені келесі ережелерге сүйене отырып, іс жүзінде реттеу қажет деп ойлаймыз. Елімізде қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы қатынастар еңбек заңнамасымен реттеледі. Әрбір жеке сектор ұйымының өзінің корпоративтік басқару құжаттары бар. Сондай-ақ салаға қатысты заңнамалар күшінде. Ал егер бұл актілерде марапаттау және сыйақы түріндегі қандай да бір ынталандыру шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылса, бұл жерде ол қылмыстық-құқықтық саланың орбитасына түспейді», – деді бас қадағалау органының өкілі.

Ол мұндай жағдайларға тікелей тыйымдар жоқ екенін атап өтті.

«Бірақ салалық заңнамада бірдеңе болса, онда, әрине, бұл жаңа бап бойынша қылмыс болады. Бұл шаралардың барлығы қоғамда сыбайлас жемқорлықтың төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін қолданылады. Сондықтан іс жүзінде құқық қорғау органдары бұл істерді тергеу барысында дәл осылай әрекет етеді деп ойлаймыз», — деді Маутова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: