Жұма, 29 наурыз, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Алмат Сақатов: Тұрсынбектен сауатты актер шықпайды

22.05.2023

2364 0

Танымал актер Алмат Сақатов El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында өзін актермін деп санайтын әзілкештер мен КВН ойыншыларына қатысты пікір білдірді.

“Базар жоқ” театры мүлдем күлдіре алмай кетті. Күлдіре алмай кетті дегенім, олар болды, тынды. Олар басында бастағанда-ақ уақытша театр екенін білгенмін. Егер олар актер болып, ары қарай жұмыс істесе, мүмкін ары қарай өмір сүріп кететін шығар. Ал мені күлдіре алатын театр – Алдараспан. Оған дейін “Шаншар” болатын. Мысалы, Нұржан Төлендиев актер ретінде сахнаға, образға қатты қарайды. Нұржанның әр образын жеке-жеке қарасаң, бір-біріне ұқсамайды. Ол шалды, алқашты, тентекті, бастық пен байды ойнаса да, бір-біріне ұқсамайтын образ алып келеді. Сонымен адамдарды күлдіресің. Тұрсынбек – жақсы актер, жаман деп айта алмаймын.  Бірақ оның әзілдері қайталанады. “Баяғыда қазақты тойы мынадай болған, қазір мынадай” деп фактілерді алып келеді, кемшілігіне әзіл қосып береді. Адамдар соған күледі”, – дейді Алматы Сақатов.

Актер “Базар жоқ” театрының директоры, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтан сауатты актер шықпайтынын айтып қалды.

“Тұрсынбекті актер ретінде білемін, ол да КВН ойнаған. Бірақ оның арғы жағындағы түйсігі басқа. Ол жылайтын рөлді де сомдайды, тіпті Абайды берсең де сомдайды. Бірақ оның Абайы сәл оқымаған, өлең жазбаған Абай болып шығады. “Мен – актермін” дейтін КВН балаларына: “Актер болсаң Әуезов театрына барып, “Ромео-Джульеттадағы” Ромеоның, Бенволионың немесе Меркуционы ойнап көрші. Сол кезде сен актер екеніңді дәлелдейсің. Ал басқаша сен актер емессің. Актердің дипломы болады және ол театрды жұмыс істеуі  керек”, – дейді актер.

“Базар жоқ” театрының актері Ерболат Төлеген Алмат Сақатовтың бұл пікіріне қатысты жауап берді.

“Өзі күлдіре алмаған адам, күле де алмайды екен ғой” , – деп жазды Ерболат Төлеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: