Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

21.06.2023

557 0

Қызылордада Ардагерлер үйінде Әкелер күніне арналған кездесу өтті. Оған 50-ге жуық белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ем алушы ардагерлер бас қосып, Ұлттық құрылтайда көтерілген елдік мәселелер жайлы пікір алмасты.

Шараны өңірлік Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов ашып,  «Әке, ата ұғымы біз үшін киелі, қасиетті. Сондықтан атажұрт дейді, атамекен дейді. Туған жер атаның, әкенің атымен тікелей байланысты. Тұңғыш рет аталып өткен Әкелер күні құтты болсын! Ұлттық құрылтай құрылғалы ауқымды жұмыс атқарылды. Осы орайда билік пен қоғамның әріптестігі Әділетті Қазақстанды құру ісінде айрықша рөл атқаратынын атап өткен жөн. Құрылтай жаңа қоғамдық мәміленің негізін қалыптастыруға зор үлес қосуда, -деді.

Кездесуге Философия ғылымының докторы, профессор, ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Баймырза Қожамберлиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұрпағы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін, жас ұрпақ тәрбиесінде еңбекке баулудың маңызыдылығына, жаңғырудың өзегі – саяси реформаларға байланысты екендігін алға тартты.

«Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Өңірлік комиссия мүшесі, PhD Дәулет Омаров архивтен Жүсіпбек Аймауытұлының тың шығармасының табылғандығы, Мемлекет басшысы екінші Ұлттық құрылтай кезінде Марал ишанның Құран кітабы Қазақстанға қайтарылғаны хабарлады. Айта кету керек, Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар Құран жанашыр азаматтар мен меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алынды. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалып, отандық және шетелдік ғалымдар мұқият зерттеді. Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған, төл тарихымызда ерекше орыны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі.

Кездесу соңы өзара пікір алмасуға ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: