Бейсенбі, 07 қараша, 11:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүруде

04.03.2022

692 0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2022 жылғы 2 наурыз – 15 сәуір аралығында «Байқоңыр Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық мүдделі тұлғаларды жұмыс тобының мүшесі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырады.

Облыс тұрғындарын «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын енгізуге шақырамыз.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін: электрондық пошта: apvo.kzo@mail.ru, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-06-30 (300), мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 156 «А»

Барлық бейжай қарамайтын азаматтарды ынтымақтастыққа және талдау жүргізуге қатысуға шақырамыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: