Сенбі, 07 желтоқсан, 22:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Сын сағатта сабыр сақтайық

11.01.2022

903 0

Қадірменді ағайын!

Жыл басында болған жағдайдан енді есімізді жия бастағандаймыз. Оған да шүкіршілік етейік. Шын мәнінде, кешегі күндері тәуелсіз еліміздің басында бұрын-соңды болмаған қиын жағдайлар орын алды, еліміздің егемендігіне қауіп төнді. Бейбіт митингіге жиналған халықтың арасында арандатушылық туғызып, жаппай тәртіпсіздікке бой алдыру арқылы өздерінің арам ойлары мемлекеттік төңкерісті жүзеге асырмақ болды. Барлық жерлерге полиция бөлімдеріне шабуыл жасалды.Әкімшілік ғимараттар, маңызды нысандар өртке оранды. Тыныштығымыз бұзылды. Азаматтар оққа ұшты. Тұрғындарды үрей басты.

Осындай сын сағатта Мемлекет басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қ.Тоқаев өте орынды шешім қабылдап, қатаң шаралар қолдана бастады. Солай етуге жағдай мәжбүр етті. Осының салдарынан елдегі жағдай оңала бастады.

Мемлекеттік қауіпсіздікке, тұтастығымызға қауіп төндірген лаңкестер көзі жойылуда.

Еліміздің қауіпсіздігіне сырттан қауіп төнуіне орай мемлекетімізде төтенше жағдай енгізілді.

Қызылорда облысында терорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

Осындай сын сағатта сабырлықты сақтап, Мемлекет Басшысын қолдау маңызды. Қазіргі қолға алынып жатқан шараларды орындау мен төтенше жағдай талаптарын сақтау арқылы біз өз көмегімізді тигіземіз. Балаларымыздың, ағайынның амандықта болуын қамтамасыз етейік.

Болған жағдайға қатысты тиісті органдар арқылы толықтай тергеу, зерттеу амалдары жасалып, тиісті шара қолданылатыны белгілі. Алда тәуелсіз еліміздің жаңа даму кезеңі басталады. Халықтың ой, арман-мақсаттары жүзеге асады. Ең бастысы, еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы бағытына бекем болайық.

Ибадулла Құттықожаев,

Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы                                                                                

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: