Сәрсенбі, 24 сәуiр, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабы құрылды

19.01.2022

764 0

Бүгінде облысымызда 100-ге жуық волонтерлік ұйым бар. Олардың міндеті мен бағыттары әр түрлі. Бүгін волонтерлік ұйымдардың басын біріктіріп, жұмыс бағытын бір арнаға тоғыстыру бағытында Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға облысымыздың белсенді жастары, волонтерлік ұйым жетекшілері, қоғам белсенділері қатысып, ұйымның мақсат-міндеттерімен танысып, алдағы жоспарларын айқындады.

Жиын барысында облыстық еріктілер штабы жасақталып, құрамы бекітілді, штаб жетекшісі сайланды. Сонымен қатар, штаб мүшелерінің ұсыныстары тыңдалды.

«Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабына арнайы жасақталған офис ашылып, штаб мүшелеріне таныстырылды.

Асқар Шалқарұлы штаб жұмысына сәттілік тілеп, «Сыр жастарын» белсенді болуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: