Сенбі, 20 сәуiр, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Төбесі тесік тұрғын үй

26.02.2022

886 0

– Фельетон орнына

Белкөл менің тұрағым,

Осы кентте тұрамын.

Айтатұғын әкімге

Базынам бар, шырағым!

Жолдың бойы үйіміз,

Бірақ та жоқ күйіміз.

Терезе жоқ, есік жоқ,

Қатты әбден миымыз.

Айта-айта шаршадық,

Жер жүзіне жар салып,

Кеткендер бар там салып,

Төзеді адам қаншалық.

Барсаң міне болад(ы) деп

Шығарып салады дедектеп.

Аузыңды сосын құр шөппен,

Сүртіп жүресің «қап, әт» деп.

Крышадан су ағад,

Тесіктерді қуалап.

Жүргенің сосын әуре боп,

Жамап-жасқап қиялап,

Ондай өмір сүрердей

Жасамап едім қиянат.

Өмірде де сондай ғой

Тағдырда бағың жанбаса

Сүреңсіз өмір сүресің

Жұмысың жүрмейді алға аса

Крышаң мықты болмаса,

Қалғандары далбаса.

Крышаңның жоқтығы

Барған жерің алдаса.

Ш.МҮСІЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: