Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 08:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тыйым салынған құралмен балық аулағандар жауапқа тартылады

11.07.2023

618 0

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тыйым салынған құралдармен балық аулаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі өседі және заңсыз әрекет қайталанған жағдайда айыптыны қамауға алу жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес, тыйым салынған құралмен балық аулаған жеке және заңды тұлғаларға 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл көзделген. Бүгінде біздің министрлік аталған кодекс баптарына тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Соның нәтижесінде айыппұл көлемін 50 АЕК дейін арттыру көзделіп отыр», – деді Аян Бахиянов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, айыпты бір жыл ішінде заңсыз әрекетін екінші рет қайталаса қамауға алынады.

«Заң бұзушы бір жылдың ішінде тыйым салынған құралмен балық аулау фактісі бойынша екінші рет ұсталса, яғни қайталаса, онда айыптыны 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылады», – дейді Экология министрлігінің өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: