Құрылтай

Дүйсенбі, 27 шiлде, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55 (2267)
25.07.2026
PDF мұрағаты

Елімізде 15,9 млн тонна жемшөп дайындалды – АШМ

27.07.2026

32 0

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Елімізде жемшөп дайындау науқаны жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні 15,9 млн тонна жемшөп дайындалды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның ішінде 13,7 млн тоннасы – пішен, 1,2 млн тоннасы – пішендеме және 46,4 мың тоннасы – сүрлем, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бапасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жемшөп қорын қалыптастыру жұмыстары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері бірлесіп бекіткен 2026–2027 жылдардағы малды қыстатуға дайындық жұмыстарына сәйкес жүргізіліп келеді.

-Жоспарға байланысты 25,7 млн тонна пішен, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құнарлы жем дайындау көзделген. Жемшөп қорын нығайтудағы маңызды бағыттардың бірі – мал азықтық дақылдардың егіс алқаптарын кеңейту. Биыл олардың жалпы көлемі 3,32 млн гектардан асып, өткен жылмен салыстырғанда 243 мың гектарға ұлғайды. Сонымен қатар егістік жерлердегі мал азықтық дақылдардың үлесі 14%-ға дейін артты. Бұл мал шаруашылығын қажетті көлемдегі жемшөппен қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндік береді,-делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жемшөп дайындау науқанының барысына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Жедел штаб отырыстарында жемшөп дайындау қарқыны, өңірлердегі жұмысты үйлестіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы тұрақты түрде қаралып келеді.

Межелі іс-шараларды толық іске асыру алдағы қысқы кезеңде мал шаруашылығы саласының жемшөпке деген қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, жеткілікті қор қалыптастырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: