Жексенбі, 08 желтоқсан, 04:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Тыныштыққа ештеңе жетпейді

11.01.2022

951 0

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген тілек жаттанды сөзге айналып кеткендей, кейде байыбына бара бермейтініміз шындық. Күн сайын осы сөзді мың рет қайталасақ та тыныштықтың қадіріне ештеңе жетпейтініне көзіміз жетті. Елдегі орын алған жағдай ешкімге де оңай тиген жоқ. Елдің бейбіт шеруі содырлардың теріс пиғылын жүзеге асыруға жал­ғасып, тыныштығымыз бұ­зылды. Қаншама өрімдей жас қыршыннан қиылды, қаншама отбасы қара жамылды. Осы сәтте бізде «Ел иесіз қалмаса екен» деген бір ғана тілек болды. Ел басына күн туған сәтте Мемлекет басшысының батыл шешім қабылдағанына, ұстамдылық танытқанына тәнті болдық. Халқына оқ жаудырмай, елдің де назын айтуға мүмкіндік берген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестердің озбыр іс-әрекетінен елді қорғау үшін батыл шешімдерге барды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында қиындықты бастан өткерген біздер әрбір кішкентай жетістіктің өзіне қуанамыз, тәубе етеміз. Ал қазір халық жалақының бір күн кешіккеніне де шыдай алмайды. Себебі тоқшылыққа, жақсы өмірге үй­реніп қалды. Дегенмен бұл жағдай тыныштықтың бәрінен қымбат екенін түсіндірді. Тағы бір айта кетерлігі, кешегі күні жарық, су, жылу өшпеді. Менің айтар ұсынысым, осындай ны­сандарды алдағы уақытта мемлекет меншігіне алса екен. Ел жемқорлықтан тазарса екен. Мұндай қиындық енді қайталанбасын деп тілеймін. Қиын сәтте ел тәуелсіздігін сақтауға, мемелекетімізді қор­ғауға батыл шешім қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының барлық шешімдеріне ризамын, қол­даймын.

Әзия Қыстаубаева,

 қоғам қайраткері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: