Жексенбі, 08 желтоқсан, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлылар сөзінен

26.02.2022

842 0

ТОҚШЫЛЫҚТЫҢ РАХАТЫН ӘБДЕН КӨРСІН!

Баламер Сахариевтің қозы қарын байлап, семіре бастаған кезі болса керек. Бірде Мұзағаң оған тиісе сөйлеп:

Жан Бәке, мына қозы қарын қайда бара жатыр? Тамақты аздап тежемейсің бе? – дейді. Сонда Баламер:

– Бала болып бауырсақты тоя жей алмадым. Студент болып жүріп, қара нанға тоймадым. Қолым аузыма енді жеткенде бұл шіркіннің несін тежейін?! Тоқшылықтың зейнеті мен рахатын әбден көрсін! – деген екен.

ҚАЗАҚСТАН ОРТА АЗИЯҒА КІРМЕЙДІ

Кеңес Одағы кезінде бауырлас республикалардың ақын-жазушылары жиі бас қосып, әдеби жиындар өткізіп тұруды үрдіске айналдырыпты. Сондай бір мәжіліске Қазақстан мен Қырғызстанның қаламгерлері қатысыпты. Қыза-қыза келе, қырғызстандық бір ақын:

– Біздің Аалы Тоқанбаевқа жететін ақын жоқ қой, – деп мақтаныпты.

– Оны қалай дәлелдейсің? – депті залда отырған сыншы Баламер Сахариев.

– Ғабит Мүсіреповтің өзі: «Аалы Орта Азиядағы маңдайалды ақын» деп айтап па еді?!

Сонда Баламер қуақылана күліп:

– Дұрыс қой. Біздің Ғабең «Орта Азиада» деп тұр ғой. Ал Қазақстан Орта Азияға кірмейді, – депті.

Сөзден тосылған қырғызстандық ақын не айтарын білмей, залдан шығып жүре беріпті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: