Жексенбі, 08 желтоқсан, 09:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ұстаз-аналарға құрмет

05.03.2022

805 0

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық Кеңес төрағасы Гүлнар Есқалиева 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұстаз-аналармен кездесіп, «Ана- ұстаз, ана- бақыт, ана-жыр!» атты мерекелік құттықтау кешіне қатысты. Мерекелік салтанатқа ардагер ұстаздар, көпбалалы ана – ұстаздар, шәкірттері жетістікке жеткен табысты ұстаздар, жас мамандар арнайы шақырылып, құрмет төрінде түрлі бағытта марапат алып, сый-сыйапат жасалды.


Гүлнар Есқалиева: «Әйел – тіршіліктің тамыры, шаңырақтың ұйытқысы. Әйел затының қоғамдағы, адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерекше, Және де бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен абзал аналар бүгінгі таңда қоғамда жауапкершілігі мол, ауыр да абыройлы міндеттер атқарып жүргенін, әсересе, білім саласындағы ұстаз-аналар еңбегінің өлшеусіз» екенін айтып, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар білім саласының жанашыры ретінде әрқашан қолдауға әзір екенін, жетекші партияның да басты мақсаты сапалы білім қалыптастыруда педагог мәтебесінің жоғары болуын жақтайтынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: