Сенбі, 18 мамыр, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Заманауи психолог қызметі: мәселелер мен мүмкіндіктер

10.02.2023

777 0

Бүгін «Жастар ресурстық орталығының» психологы Г.Нетбаева аймақтағы орта кәсіптік білім беру ұйымдарының психологтарын Жастар орталығына жинады. Мақсат – жастармен жұмыс жасайтын кәсіби сала мамандарының өзара тәжірибе алмасу ортасын қалыптастыру.

Өздеріңізге белгілі, соңғы кезде жастар арасында суицидке, зиянды әдеттерге, құқықбұзушылққа бейім жастар көп. Ал олармен тікелей жұмыс жасау – әр білім беру ұйымындағы психолог мамандардың міндеті әрі жауапкершілігі. Сондықтан сала мамандарын бір-бірімен тәжірибе алмасуы – жүйелі, нәтижелі жұмыс жасауға әкеледі.

Жиын барасында психологтардың өзара байланысын, тәжірибе алмасуын нығайту мақсатында сәуір айынан бастап психологтар ортасы құрылып, тұрақты түрде тимбилдинг ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, әрбір мекемеге, қызмет орнына барып, ата-аналарға суицид, зорлық-зомбылық, жасөспірімдер мінез-құлқының өзгеруі, булинг, кибербулингтің алдын алу жайлы арнайы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар жолданды. Алдағы уақытта орталық мамандары аталған ұсыныстар негізінде арнайы жоспар құрып, жұмыс жасамақ. Шарада қатысушы психологтар бір-бірімен кері байланыс орнатып, өз тәжірибелерімен, жұмыс жасау әдіс-тәселдерімен бөлісіп, ой-пікір алмасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: