Қала аумағындағы студенттік жатақханаларда сала мамандары мен құқық қорғау органдарының қатысуымен жастармен кездесулер ұйымдастырылуда.
Кездесулердің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сталкинг, буллинг, әлімжеттік пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Шара барысында мамандар жастарға заң талаптарын түсіндіріп, қауіпсіз орта қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында ақпараттар берді.
Жастардың қауіпсіздігі мен саналы қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
