Сәрсенбі, 08 мамыр, 04:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейді

25.05.2022

2069 0

Биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлерінің мөлшері 4 пайызға өседі. Ал базалық зейнетақылар мен жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіш негізінде көбейеді. Жалпы облыста 243 мыңға жуық адамға зейнетақы мен жәрдемақы түрлері беріледі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ертілеу Жалғасбаев мәлімдеді.


-ҚР Заңымен «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сәйкесінше, осыған дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері 4 пайызға индекстелді. Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты артады. Сондай-ақ, балаларға берілетін жәрдемақының көлемі айлық есептік көрсеткішінің негізінде көбейеді. Осыған сәйкес, сәуір және мамыр айларындағы жәрдемақы толықтай есептеліп маусым айынан бастап төленеді. Ал шілдеден бастап 1 айға көбейтілген мөлшерде берілетін болады, – деді Ертілеу Жалғасбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: