Сейсенбі, 26 мамыр, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Жалағашта «HARVEST AGRO» агроиндустриалды кластері іске қосылды

26.05.2026

56 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды инвестициялық жоба – «HARVEST AGRO» агроиндустриалды кластерінің алғашқы кезеңі іске қосылды.

Жоба аясында алғашқы кезеңде 8,7 мың гектар суармалы жерге жүгері егілсе, екінші кезеңде 32 мың гектар алқапқа жүгері, соя және техникалық қарасора орналастырылады.

Жаңа өндіріс орны жоғары технологиялармен жабдықталып, 140 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
Қазіргі таңда инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қараөзек өзенінен суару арналары тартылып, 142 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылуда. Бұл су ресурстарын тиімді пайдаланып, үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект элементтері енгізіліп, аграрлық саланы басқарудың жаңа тетіктері қолданылуда.

Бұл – өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып, өнім өндіру мен өңдеу көлемін ұлғайтуға бағытталған стратегиялық маңызы зор жоба.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: