Сәрсенбі, 24 сәуiр, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жарықты неге үнемдемейміз?

05.11.2022

978 0

«Energy Prom» сайты жақында мынадай мәлімет жариялады. ТМД және Орталық Азия бойынша электр энергиясын көп тұтынынатын елдер арасында Қазақстан екінші орында.

Яғни бір адамға 4,9 мың квт.сағ. Электр энергиясын пайдалануда ең төменгі көрсеткіштер Молдовада (бір адамға 1,3 мың кВт•сағ), Тәжікстанда (бір адамға 1,5 мың кВт•сағ) және Өзбекстанда (бір адамға 1,6 мың кВт•сағ) екен. Электр энергиясын тұтыну мөлшеріне тариф тиімділігі мен халықтың орташа табысы әсер етеді екен. Демек, біздің елде жарықты оңды-солды пайдалану халықтың қалтасына салмақ салмайды деген сөз бе? Шынында, ойланатын жағдай.

Сарапшылар пікірінше, электр энергиясының арзан әрі тиімділігі есепсіз тұтынуға әкелмеуі тиіс. Себебі электр энергиясын өндіру процесі орасан зор табиғи ресурсты пайдалануды қажет етеді. Сонымен қатар экологияға да теріс әсері бар. БҰҰ мен дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның са­рапшылары 2021 жылы кли­маттың өзгеруінің төрт негізгі көрсеткіші –  парниктік газ кон­центарциясы, теңіз дең­гейінің көтерілуі, мұхиттың жылынуы және оның қышқылдануы рекордтық мәнге жеткенін атап өтті.

Мұның салдары да болатыны сөзсіз. Атап айтқанда, тропикалық циклондар, дауыл, су тасқыны, құрғақшылық, аптап ыстық пен қатты суық. Бүгінде Қазақстанда климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайлар сезілуде. Сонымен қатар өрт қаупінің жоғарылауы, азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ету, жаппай ауруға әкелетін атмосфералық шығарындылар мәселелерін де атап айтуға болады.

Мәселені шешудің жолы – баламалы энергия көздеріне біртіндеп көшу және әрбір тұрғын электр энергиясын үнемдеу қажет. Бұл ретте мамандар жарықты үнемдеуі үшін пайдалы кеңестер ұсынады. Оқырмандар үшін де артық болмас. Сонымен, жарықты үнемдеудің жолы қандай?

– Жарықдиодты жарықтандыру­ға көшіңіз. Бұл экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді.

– Жарық реттеуіш­ті пайдаланыңыз. Бұл – бөлме ішіндегі жа­­рықты қалауыңызға қарай реттеуге және ең бас­тысы, үнемдеудің бір жолы.

– Үйде, ғимараттардың жарығын қажет болған жағдайда жақпауды әдетке айналдырыңыз және бір мезгілде жарықтың бәрін бірдей жарқыратып қоюдың қажеті жоқ.

– Тұрмыстық техника сатып аларда энергияны тиімді пайланатынына мән беріңіз. А, А+, А++ са­наттары энергия үнемдейтін техникалар қатарында. Бұрынғы техникаларды жаңаға ауыс­тыру 40 пайыз электр энергиясы шығынын қысқартады.

– Электр плиталарын да тиімді қолданыңыз. Плита көзіне лайық ыдыстарды пайдаланып, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Плитаны тамақ даярлар алдында ұзақ қыздырудың да қажеті жоқ, 3-5 минут жетіп жатыр.

– Электр шәйнегін де отбасы санына лайық етіп алыңыз. Бәрін мөлшерімен пайдаланыңыз.

– Кір жуатын машинаны да дұрыс таңдаңыз. Жоғары санатты техника суды да, электр энергиясын да үнемдейді.

– Электр энергиясының 40 пайызы жылытуға жұмсалады. Сол үшін үйдің, пәтердің жылуына, есік-терезелердің дұрыс жабылуына, жылу радиаторларының сапалысына мән беріңіз. Бұл электр энергиясы шығынын 50 пайызға қысқартады.

– Суды үнемдеңіз. Суды пайдалану, жылыту және тағысын тағы қаншама электр энергиясын шығындауға жол беретінін әрдайым есте ұстаңыз.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: