Жұма, 04 қазан, 07:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

«Zhas Project» жеңімпаздары мемлекеттік грантқа айфон алып, кредитін жапқан

03.08.2022

880 0

«Zhas Project» жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жоба жеңімпаздарына мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Zhas Project» жобасының былтырғы жеңімпаздарына ақша қолма қол берілді. Оның соңы не болды? Біреу айфон алды, беруі кредитін жапты. Шынымды айтсам, жобаның нақты қанша пайызға жүзеге асқанын білмеймін. Бірақ қаржыны өз мақсатына жұмсамау фактілері болды. Біз былтыр болған жайттарды ескере келе, биыл ақшаны қолға бермейміз деген шешімге келдік. Биылғы байқаудың ерекшелігі осы. Яғни жоба авторы сметалық құжатта не қажет екенін көрсетеді. Біз сол сметалық құжаттың негізінде ақшасын төлеп береміз», – деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЗТБ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары жоба грантының бөліп төленетінін айтып отыр. «Грантты 70/30-ға бөліп төлейміз. Грантты ұтып алған кезде 70 пайызы беріледі. Ол сомаға жобаны жүзеге асыруға қажетті заттар мен құрал-жабдық сатып алынады. Қаржының қалған 30 пайызы жоба іске қосылып, жүзеге асқаннан кейін беріледі. Сол сияқты ол ақша сізге тауар, өнім жеткізушіге тікелей төленеді», – дейді «Қазақстан жастары конресі» қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов. Бұған дейін «Zhas Project» жобасының грантына өтінім қабылдаудың жүріп жатқаны туралы хабарлаған едік. Құжат қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Аталған жобаға Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және Маңғыстау облысының жастары қатыса алады. Айта кетейік, «Zhas Project» жобасы осымен 4-і жыл іске асып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: