Сейсенбі, 16 сәуiр, 22:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жастар бойындағы парасаттылық пен адалдық – қоғам кеселіне қарсы

29.12.2021

1023 0

Бәрімізге мәлім бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып тұр. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерде таралған.

Жалпы айтқанда, сыбайлас жемқорлық қоғамның экономикасы, саясаты, әлеуметтік сферасы сияқты барлық салаларына әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын жағымсыз зардаптар  қоғамның қарқынды дамуына кедергі келтіреді және еліміздің  ұлттық қауіпсіздігіне де нақты қауіп төндіреді.

Енді осы кеселге қарсы тұру үшін қоғамның көп бөлігін жастар құрайтын болғандықтан және жастар біздің келешегіміз болғандықтан, олардың бойында құқықтық сананы қалыптастырып жоғарғы құқықтық мәдениеті бар тұлға ретінде тәрбиелеуіміз керек. Ал енді құқықтық сана парасаттылық пен адалдыққа, жалпы айтқанда адамгершілік моральдік нормаларға негізделген.

Адами құндылықтарды жастардың бойына жас кезінен бастап сіңіру қажет. Ол үшін балабақшадан бастап балаға «не жақсы» «не жаман екенің» үйрету керек. Одан соң отбасында осы тәрбиені жалғастырып, әрі қарай бұл үздіксіз құқықтық білім беруді мектептің бастауыш, орта және жоғарғы сыныптарында құқытық  пәндер  арқылы жүзеге асырылуы қажет. Бірақ, осы жерде айтып кету керек мектептерде арнайы құқық пәні жоқ, болсада «Адам, қоғам және құқық» пәні құрамында оқытылады. Әрине толыққанда құқықтық сананы қалыптастыруға бұл пәннің сағатының саны жеткіліксіз.

Сонымен қатар, жастардың бойында құқықтық сана сезіммен құқықтық мәдениеттің базалық денгейін қалыптастыру мақсатында орта мектептерде құқық негіздер бойынша жоғарғы сыныптарда факультативтік пәндер (мысалы, «Құқық әліппесі», «Адам құқықтары», «Құқық тарихы», «Демократия барлығына», «Құқықтық мәдениет» т.б.) еңгізу мүмкіндігі қарастырылу керек.

Орта білім беру және жоғарғы оқу орындарында да «Құқық пәні» оқытылады. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде құқықтық емес кейбір мамандықтарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты пән оқытылады. Бұл пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы курестің бір іс-қимылы деп тұжырымдауға болады және білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қалыптастырумен бірге заңдарды құрметтеп, оларға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға бой бермейді деп есептейміз.

Қорыта айтқанда, біріншіден әлеуметтік кеселге айналған сыбайлас жемқорлықты бір ғана құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, үкіметтің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы болуы керек.

Жусупбекова Мадина Қойшыбайқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің

Құқықтану кафедрасының доценті,

заң ғылымдарының кандидаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: