Сенбі, 27 сәуiр, 06:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы тағы бір жылға созылды

21.01.2022

933 0

Биылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталды, оның орнына 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық жоба қабылданды. Жоба мақсаты халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов.

Жоба аясында ержелерге өзгерістер енгізілмек. Соның бірі – жастар тәжірибесінің мерзімін 12 айға дейін ұзарту және айлық жалақысын 30 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеру. Айта кету керек, былтыр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына 35037 адам қатысты.

«Президентіміз Үкіметке «Жастар тәжірибесі»және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау мақсатында Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін 2 есеге, яғни 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту жүктелді», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Жақсылықұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: