2024 жылдан бері кәсіби театр мәртебесінде жұмыс істеп келе жатқан Қызылорда қаласының Жастар театры өңірдің маңызды мәдени орталықтарының біріне айналды. Бүгінде театр репертуарында 15 қойылым бар.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев баяндады.
2024–2025 жылдары 7 жаңа премьера сахналанса, биыл көрерменге «Шолпанның күнәсі», «Жалғыз куәгер» қойылымдары ұсынылды. Ал, қараша айында Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» шығармасы желісімен жаңа спектакльдің тұсауы кесіледі.
Сонымен қатар, театр ұжымы қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысып, жастар арасында діни экстремизмнің, нашақорлықтың және лудоманияның алдын алу бағытында кездесулер мен шеберлік сағаттарын тұрақты өткізіп келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
