Бейсенбі, 02 мамыр, 05:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жазира Байырбекова сіңілісіне көлік сыйлады

29.06.2023

439 0

Отандық әнші Жазира Байырбекова әулетіндегі жеті қыздың кенжесі, туған сіңлісіне темір тұлпар сыйлады. Өнер иесі бауырына тосынсый жасаған сәтті Instagram желісінде көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 «Қасиетті Құрбан айтта бауырларымның басын қостым. Алла разылығы үшін, әкемнің әруағы риза болсын деп, үйдегі 7 қыздың ең кенжесіне тосынсый жасап, көлік сыйладым. Кеудемді қуаныш кернеп отыр. Сіңлімді құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Жазира Байырбекова. Видеода тосыйсыйды естіген әншінің кенже сіңлісі қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады. Ал кейінірек әншінің өзге бауырлары сіңлісінің көлігіне көрімдік бере бастайды. Ал желі қолданушылары әншінің бауырына көрсеткен қамқорлығына риза болып, жылы лебіз білдірді. «Бауыр деген осы», «Жарайсыз», «Құтты болсын», «Көзіме еріксіз жас келді», «Аман болыңыз», «Бауырға жасалған жақсылық – жақсылықтың төресі ғой», «Бауыр деген осындай болуы керек. Мәселе ақшада емес. Қорқорлық пен жанашырлық, шынайы сыйластықта», – деп жазды желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: