Сейсенбі, 07 мамыр, 10:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жол бойынан үш жасар бала табылды

13.08.2023

297 0

Қарағандыда тәрбиешілердің қарауынсыз қалған үш жасар бала балабақшадан қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Патриот» Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүлдіршін балабақшадан қашып шығып, орталық мешіт жақтағы жол жиегінен табылды. Жолға шығып кеткен үш жасар баланы көлік қағып кете жаздаған.

Мұны көрген көлік жүргізушілері тоқтап жағдайды білмек болған. Жүргізушілердің бірі баланың жеке меншік балабақшаның тәрбиеленушісі екенін айтқан. Бойжеткеннің айтуынша, бұл балабақшада мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Ол баланы балабақшаға өзі апарып табыстаған.

Қарағанды ​​қаласы білім бөлімінің бейресми дереккөздері бүлдіршіннің жекеменшік балабақшаның тәрбиеленушісі екенін растады.
Ал Қарағанды ​​облысының білім басқармасының баспасөз қызметі жекеменшік балабақшалардың жұмысын қадағаламайтынын айтып, бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.
Баланы жолдың бойынан тауып алған көлік жүргізушісі балабақшадағы бақылаудың жоқтығына ашулы.

“Баланы көлік қағып кетсе, кім жауап береді? Тіпті баланың жол жиегінде жүруі – қалыпты жағдай емес! Күтушілер мен тәрбиешілер баланың кетіп қалғанын қалай байқамай қалды? Ақылға сыймайды. Мен өзім әкемін және бұл жағдайды   мүлдем түсіне алмаймын”, — дейді ер адам.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: