Сәрсенбі, 01 мамыр, 06:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жол бойында отырған адамды көлік қағып, мерт қылды

18.08.2023

506 0

Абай облысының Көкпекті ауданында ер адамды көлік қағып, мерт қылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 тамыз күні сағат 22:22 шамасында «102» арнасына облыс орталығының 46 жастағы тұрғынынан Жансары ауылының маңындағы Көкпекті – Васильев өткелі тасжолымен жүріп келе жатып, көлігімен тас жолда отырған белгісіз бір адамды қағып кеткені туралы хабар түскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам сол жерде алған дене жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды»,-делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: