Сенбі, 27 сәуiр, 06:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

01.01.2023

451 0

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Асылбек Шаменовтың қатысуымен 2022 жылдың қорытындысы мен үздіктерді марапаттау салтанатты шарасы өтті.​​Іс-шарада халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді ынталандыру арқылы қайырымдылықтың ізгі жолын паш ету мақсатында 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығының арнайы номинациялары табысталды.

Байқаудың «Жыл меценаты» номинациясы қайырлы істің бастамашысы«Раим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Раимов Ерлан Қаниұлына табысталса, «Туған өлке» номинациясымен ауылдың абаттануына ерекше үлес қосқан «Жарасым» шаруа қожалығының төрағасы Нариман Әбсейтов марапатталды. Өз туған жеріне көмек көрсетуді парызы санайтын Нариман Көпболұлы соңғы бір жылда туған ауылына 10 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсеткен

.«Жыл тұлғасы» номинациясымен қайырымдылық жасауда оқ бойы озық тұрып, соңғы бір жылда 30 млн. теңгеге жуық қаржы көлемінде қайырымдылық көмек көрсеткен «Абай – Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы, ал «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы «Ел-Арай» қоғамдық қордың атқарушы директоры Қосымов Әлімжан Әлібайұлы табысталды. Өңіріміздегі аз қамтылған, көп балалы, жалпы экономикалық жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу мақсатында құрылған қор осы жылға дейін қайырымдылық жасауда көптеген жұмыстар атқарды. Соңғы бір жылда 30 млн теңгеден аса қайырымдылық көмек көрсетті. «Жыл қамқоршысы» номинациясы өңірімізде көптеген шаралар өткізіп, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға айтарлықтай қайырымдылық көмектер көрсетіп жүрген Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» мекемесі директорының орынбасары Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлына табысталды.

Қорытынды кеште шаһар басшысы жыл көлемінде жеткен жетістіктер мен атқарылған ауқымды жобаларға тоқталып, барша қала тұрғындарын санаулы күндерден кейін төрімізге енетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.​ Кеш мерекелік концертпен жалғасып, қазақ эстрадасының жұлдыздары Әбдіжаппар Әлқожа, Ақбота-Нұр және жергілікті өнерпаздар салтанатты шараға қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: