Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсынысты қолдаймын» – Тоқаев

20.10.2022

689 0

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келіп отыр. Бүгінде ұлы Абайдың кесенесі – еліміздегі ең танымал нысанның бірі. Алайда, Талдықорған облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ. Бұл – ұят нәрсе, үлкен олқылық. Оны түзету керек. Алтынемелде қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мекені бар екені барша жұртқа белгілі. Шаңқанай ауылында оның ескерткіші, мұражайы бар. Жергілікті жұрт қазақтың ұлы перзенті жерленген жерді қараусыз қалдырмаған. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Біз Шоқанды әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керек. Жалпы, біз ұлы перзенттерімізді құрметтей білуіміз керек. Мұндай тарихи орындар туралы үнемі айтып, ұрпаққа таныстырып отыру қажет. Осы тақырыптан туындайтын тағы бір мәселе бар. Ел тарихында ерекше орын алатын көптеген тұлғаларымыз шетелде жерленген. Ұлтымыздың ұлы перзенттері Әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан Сирияның Шам шаһарында жатыр. Қазақтың әйгілі үш биінің екеуі – Төле би мен Әйтеке бидің зираты – Өзбекстанда. Құрманғазы мен Бөкей ханның кесенесі Ресей жерінде. Жат жерден топырақ бұйырған басқа да көптеген тарихи тұлғаларымыз бар. Әрине, олардың бәрінің сүйегін елге алып келу мүмкін емес. Ондай мақсат та жоқ. Бірақ, тағдырдың жазуымен жат жерде қалған ұлы бабаларды ұмыт қалдырмау – біздің азаматтық парызымыз», деп атап өтті. 

Сонымен қатар Президент Жетісу өңірінен шыққан ұлы тұлғалар туралы да сөз қозғады. 

«Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал . Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын», – деді Тоқаев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: