Сенбі, 23 қараша, 10:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Алаяқ әйелдер көбейді

29.11.2023

696 0

Сурет: adyrna.kz

Әйел бейнесі – қоғам бейнесі. Қазақта әйелдің отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан-теңіз. Соңғы кезде заман ағымының қарқынды өзгеруі, ғаламтордық қолжетімділігі, шетелге еліктеудің салдары еліміздегі қылмыскер нәзік жандылардың көбейіп кетуіне әкеп соғуда. Әрине бұл жағдай жанға батады.


Өкінішке орай бүгінде қылмыс жыныс таңдамай отыр. Алаяқ әйел ұсталды, ғаламтор арқылы елден ақша ұрлаған әйел қолға түсті деген келеңсіз жаңалықтар кеңінен белең алуда. Себебі қыз-келіншектер адамдардың сеніміне тез кіреді.
Соның салдарынан бүгінгі қоғамда алаяқ әйелдер қатары азаймай отыр. Олар оңай жолмен олжаға кенелеміз деп опық жеуде.
Қазіргі кезде қоғамда бар-жиған тергенін алаяқтың қолына қалай бергенін кеш түсініп, бармақ тістеп қалатындар жетерлік. Жалпы әйелдер арасындағы алаяқтық қылмысқа тұрақты жұмысы жоқ, тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыз-келіншектер барады.
Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік жағдайы себеп болуда. Соның салдарынан әйел қолымен жасалатын қылмыс түрі артып отыр.
Олар жұртқа мемлекеттік бағдарлама бойынша кезексіз пәтер, жер телімдерін, банктерден несие алып беремін деп қомақты қаржыларын алып, уақыт өте іздерін жасырады.
Немесе жоғарыдағы таныстарым сәл күте тұрыңдар деді, – деп уақытты соза түседі.
Өмірде түрлі жағдайлар болады, неше түрлі отбасы бар. Ондағы қарым-қатынас пен тәрбие, әлеуметтік жағдай да сан қилы. Біреуі баюды алдыңғы кезекке қойса, екіншісі «қайтсем балаларыма нан тауып беріп, тұрмысымды түзеймін» деп жанталасып жүргендер.
Көбісі қылмысқа қолдары қалай барып, қалай жасағанын білмей қалады. Заң бәріне ортақ.
Сондықтан ұрпақ өсіріп отырған әрбір ана қылмыстың өтеуі жазаекенін түсінсе екен.
Алаштың әйгілі жазушысы Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі. Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі, мейірбан әйел, ұлттың ұйытқысы» деп әйелдің қоғамдағы орнын ерекше атап өткен.
Ендеше бір қолымен бесігін, бір қолымен əлемді тербететін аналарымыздың орны теміртордың артында емес, ерінің жанында, балаларының қасында, ошағының басында болғай! «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген ұлттық ұстанымды берік ұстансақ екен.

Т.Темірбаев,

Қызылорда қаласының #2 сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: